Баннер
Баннер
Баннер

С.Қожамқұлов театры

 

 

С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалы – драма театры туралы қысқаша мәлімет

   Театр 1972 жылғы 24 желтоқсанда өз шымылдығын М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" комедиясымен ашты. 1978 жылы жас театр Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» спектаклі үшін Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты атанды. 1981 жылы театрға ұлттық театр өнерінің аса көрнекті қайраткері Социалистік Еңбек Ері Серке Қожамқұловтың есімі берілді.

   1988 жылы Торғай облысының жабылуына байланысты театр Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесінің шешімі бойынша Жезқазған қаласына қоныс аударды.Театр 1985 жылы Тбилисиде Бүкілодоқтық ІІ Жастар спектакльдері мен 1989,1999 жылдары Бішкекте өткен Орта Азия мен Қазақстан театрларының Наурыз және Халықаралық театр фестивальдерінің арнайы жүлделерін иеленді.

   1992 жылы театр Алматыда Ғ.Мүсіреповтың 90 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде Ғ.Мүсіреповтың "Қозы Көрпеш – Баян сұлу"спектаклі үшін Бас жүлде – Гран Приді жеңіп алды. /реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиев/. Осы жеңісі үшін өнер ордасы 1993 жылы Мысыр қаласында өткен Дүниежүзілік театр фестиваліне тәуелсіз Қазақстан театрлары атынан қатысып қайтты.

   1995 жылы Жезқазғанда өткен А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған Республикалық театрлар фестивалінде Бас жүлде – Гран Приді екінші мәрте иеленді. /К.Ахметов "Ерте ояндым, ойландым жете алмадым" реж. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиев/. 1994,1996 жылдардағы республикалық театрлар фестивальдерінің жүлделі ІІ орын иегері атанды.Д.Жанботаев «Ең үздік эпизодтық ер ролі» номинациясына лайықты деп табылды.

   1998 жылы драма театр құрамына бұрынғы облыстық қуыршақ театр труппасы қосылды.

   2000 жылы Павлодар қаласында Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналған VIII Республикалық театрлар фестивалінде Ә.Тәжібаевтің "Көтерілген күмбез" спектаклі /реж. ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ахманов/ Бас жүлде –Гран приге үшінші мәрте ие болды. С.Бұлғақбаев хан ролі үшін «Ең үздік ер ролі» номиациясын алды.

   2005 жылы Қызылорда қаласында өткен республикалық ХІІІ фестивалінің ең жоғарғы жүлдесі - "Тарихи тақырыпты игергені үшін" номинациясын Ж.Хаджиевтің қойған К.Әбдірахманның "Кетбұқа" спектаклі иеленді.Д.Кенжеев «Ең үздік ер ролі» номинациясын алды.

   Театр ұжымы жыл сайын Қарағанды қаласында өтетін «Театр – балалар көзімен» аймақтық фестиваліне балалар спектакльдерімен тұрақты түрде қатынасып, қатарынан 3 жыл жүлделі І орынды иеленді. 2002 жылғы фестивальде Р.Ибраева «Сиқырлы кітап» ертегісі үшін «Үздік драмалық шығарма», С.Бұлғақбаев «Ең үздік ер ролі» номинациясын алды. 2007 жылғы аймақтық фестивальде Р.Ибраеваның «Алпамыс батыр» ертегісі фестивальдің бас жүлдесі – Гран Приді жеңіп алды. Осы жылы Р.Ибраеваның «Алпамыс батыр» пьесасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің патриоттық тақырыпқа арналған музыкалық туындылар мен драмалық шығармаларға жариялаған конкурсында мемлекеттік Грантқа ие болды. 2009 жылдың қыркүйек айында Қарағанды қаласында өткен ХҮІІ республикалық фестивальде ҚР халық артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Д.Жанботаев К.Ахметовтің «Қанда бар ғой,қанда!» спектакліндегі ролі үшін «Ең үздік ер ролі» номинациясын иеленді.Артист осы ролі үшін жыл басында «Жыл артисі» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Алтын қобыз» жүлдесін алған еді. Осы сыйлыққа 2007 жылы «Үздік театр суретшісі» номинациясымен театр суретшісі Т.Мұстафинов, 2008 жылы «Үздік эпизодтық ролі үшін» номинациясы бойынша театр артисі Ж.Бірмұханов, 2010 жылы «Жыл артисі» номинациясы бойынша облыс әкімінің «Алтын қобыз» жүлдесіне ҚР еңбек сіңірген артисі С.Бұлғақбаев ие болды.

   2010 жылы Тараз қалаында өткен XVIII Республикалық театрлар фестивалінде қойылған С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» спектакліндегі Бақыт ролі үшін жас актер К.Абильдин «Ең үздік ер ролі» номинациясын жеңіп алды.

   40 жылға жуық уақыт ішінде театр Қазақстанның барлық облыстарында, ірі-ірі қалаларында, ауылдық жерлерде гастрольдік сапарларда болды, 5 мыңға жуық спектакльдер қойды. Театр репертуарында әлем классикасы, қазақ әдебиеті классикасы мен қазіргі заман әдебиетінің озық үлгілері негізінде қойылған спектакльдер бар.

   Театрда 1 – ҚР халық артисі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (Д.Жанботаев), 2 - ҚР еңбек сіңірген артисі (Т.Ракишева,С.Бұлғақбаев), 2 – «Құрмет белгісі» орденінің иегері (Д.Жанботаев, Т.Ракишева), 2 - «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (Д.Кенжеев,Ә.Шоманұлы), 1 - «Тәуелсіз Қазақстанға -10 жыл» мерекелік медалінің иегері (Т.Мұстафинов), 1 – Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасының иегері (Р.Ибраева), 11 - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет қайраткері еңбек етеді.

Обновлено (06.06.2017 16:00)

 
Баннер
Бастықтың блогы
Жаңалықтардың архивы


  • 2018 (19)
  • 2017 (19)
  • 2016 (8)
  • 2015 (12)
  • 2014 (4)
  • 2013 (13)
  • 2012 (21)
  • 2011 (30)
  • Сайттағы iздестiру
    Баруларды есептеуiш
    mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
    mod_vvisit_counterБүгiн72
    mod_vvisit_counterКеше94
    mod_vvisit_counterБұл апталар680
    mod_vvisit_counterӨткенi апта739
    mod_vvisit_counterОсы айда1651
    mod_vvisit_counterАлдыңғы ай3311
    mod_vvisit_counterБарлық барулар149227